Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президенттің коронавирусқа тапсырған тест нәтижелері белгілі болды

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің желідегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың тест нәтжелері шыққаны туралы жазба қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мемлекет басшысының денсаулығына қатысты азаматтардың сауалдарына жауап ретінде мен Қасым-Жомарт Тоқаев өзін жақсы сезінетінін айтқым келеді", - деп жазады Берік Уали.

Осылайша мемлекет басшысының денсаулығының жақсы екенін жеткізген ол Тоқаевтың күн сайын коронавирусқа тест тапсырып отыратынын айтты. Барлық тест теріс нәтиже көрсеткен. 

"Жақында, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, ол күн сайын коронавирусты тексеріп отырады. Барлық сынақтар теріс нәтиже көрсетті", - дейді Берік Уәли.

Берік Уәлидің айтуынша, Мемлекет басшысы жұмыс орнында болуды жалғастыруда, ол кестеге сәйкес жұмыс істейді, мемлекеттік органдар, департаменттер, қоғамдық ұйымдар басшыларымен онлайн-кездесулер өткізеді.

Қазақстан Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа твит арқылы тезірек сауығып кетуін тілеп, Тұңғыш Президент өзінің мықты рухымен бұл сынақты сәтті еңсеретініне сенім білдірді.

STAN.KZ
Бейсенбі, 18 Маусым, 2020 14:30
Талқылау