Президент үздік жетістігі үшін Есімовті марапаттады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы жарлығына қол қойды,- деп хабарлaйды STAN.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
“ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін:
Есімов Ахметжан Смағұлұлы – «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы;
Қуатов Руслан Тұржанұлы – «Тенгизшевройл» ЖШС менеджері, Атырау облысы;
Үшкемпіров Жақсылық – «Жақсылық» ШҚ басшысы, Алматы облысының Жамбыл ауданы.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Оқи отырыңыз:
Қарағанды облысында наразылық акциясындағы кеншілер жер бетіне көтерілді
Аша Матай келіндік міндетін атқара алмай, енесінен ұялып жүр
Тез танылған Қуандық Рахым 1 жыл ішінде ата-анасына зәулім үй алып берген
Ләйлә Сұлтанқызы айына миллиондап ақша табатынын мойындады
Талқылау