Президент: Қазақстандықтардың немқұрайлығы - коронавирустың таралуының бір себебі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирус ауруының көбею себептерін атады. 

Маскасыз жүру - қылмыстық жауапкершілік: Қазақстандықтар нені білуі тиіс

«Тиімді емес ақпараттық жұмыс жағдайды ушықтыруда. Біздің халықпен сұхбаттасу жүйеміз дұрыс жұмыс істемейді, ақпарат аясы теріс күн тәртібінің қысымына ұшырайды, дәрігерлердің ерлігі лайықты көрсетілмейді. Президент әкімшілігі, үкімет және әкімдіктер кінәлі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұру шаралары туралы отырыста.

Президенттің айтуынша, індеттің жаңа толқыны елді дүр сілкіндірді.



«Коронавирус ауруының көбеюіне біздің азаматтарымыздың ұқыпсыз әрекеттері себеп болғандығы анық. Көптеген адамдар санитарлық нормалар мен сақтық шараларын сақтауды тоқтатты.  Адамдар жұмысқа баруға тырысты, кәсіпкерлік арқылы экономикалық табысын келтіруге тырысты, туыстары мен достарына баруға асықты. Нәтижесі айқын. Эпидемияның жаңа толқыны елді дүр сілкіндірді. Жағдайды бақылау үшін жедел шаралар қажет!» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, Қазақстан президенті үкімет мүшелерімен, бірнеше мемлекеттік органдардың басшыларымен, қалалар мен аудандардың әкімдерімен бейнеконференция арқылы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл туралы кеңес өткізді.

Мемлекет басшысы, атап айтқанда, орта мерзімді перспективада қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың ұлттық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр