Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапониядағы сапарында атақты сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті

 

жапония сапарыФото:Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапониядағы сапарында атақты сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы Жапонияда білім алып, он жылдан бері ірі халықаралық жарыстарда көш басынан көрініп жүрген Ерсін Балтағұлды қазақстандықтар мақтан тұтатынын атап өтті.

Сонымен қатар бүгін Император Нарухитомен кездесуде балуанның жетістіктері туралы әңгіме қозғалғанын айтты.

Айта кетейік, қазақстандық балуан Ерсін Балтағұл Жапония тарихында алғаш рет Императорлық кубоктың көшбасшысы атанған. Кимбодзан Хируки лақап атымен өнер көрсететін ол – үздіктер қатарына енген жалғыз қазақстандық спортшы.

Алматы облысында туған балуан ұзақ жылдар бойы дзюдомен айналысқан. Жапонияға ол моңғолиялық атақты сумошы Асасерю Акиноридің кеңесімен барған. Ерсін лақап атын ұстазы Кисэнің туған жері – Кумамото префектурасындағы таудың құрметіне қойған.

Жалпы сумода шетелдік спортшылар саны шектеулі. Ерсін Балтағұл мансабын аяқтаған грузиялық балуан Теймураз Джугелидің орнын басты.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 18 Желтоқсан, 2025 19:16