Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Президент астананың Қостанай қаласына ауысатынын мәлімдеді": Мессенджер арқылы тараған ақпарат қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың астананы Қостанай қаласына ауысатынын мәлімдегені туралы ақпарат жаппай таралуда. Алайда ресми дереккөздерінде мұндай мәлімет берілмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап. 

қостанай

Еліміздегі негізгі БАҚ-та да мұндай хабарлама жарияланбаған. Сонымен қатар ресми Akorda.kz порталында да астанамыздың ауысатыны жөнінде дерек жоқ. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің Twitter-дегі парақшасында мұндай ақпаратты жарияламады. Сонымен қатар

Президенттің баспасөз қызметінің ресми Twitter парақшасында да Қостанай қаласының астана болатыны туралы жазылмаған. 

Ешқандай дереккөзде Президенттің астананың Қостанай қаласына ауысатыны туралы мәлімдемесі жоқ, демек ақпарат жалған. 


Назархан Уән
Сәрсенбі, 09 Ақпан, 2022 13:11
Талқылау