Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент адамдардың өлімінен пайда табуды көздеген алаяқтармен күресуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге өлім мен өмір арасында жатқан қазақстандықтардан пайда табуға тырысып жүрген алаяқтарды анықтауды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ТоқаевМемлекет басшысы кейбір пысықтар пайда табу үшін барлық адамгершілік қағидаттарды аттап өтіп, халықты алдау мен бопсалаудан тайынбай отырғанын жеткізді. Мәйітханалар мен жерлеу қызметінде сорақы тірліктер жасалып жатыр.

"Соңғы екі аптада мәйітті тасымалдау және жерлеу үшін төленетін ақы қатты өсіп кеткен. Мұны көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Әкімдерге бір күн ішінде "жерлеуден жемтік іздегендерді" жөнге келтіруді тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы дертке шалдығушылар санының артуы, коронавирус рейтингіне ғана емес, Қазақстанның инвестициялық ахуалына, туристік әлеуетіне және елімізге тартылатын жаңа технологияларға да кері әсер ететінін атап өтті. Үкімет барлық сын-қатерлерді жою үшін бұл жағдайды өзінің жұмыс жоспарында ескеруі керек.



Қазақстан президенті пандемия кезіндегі кез-келген қате шешім, бюрократиялық кедергілер, жауапкершіліктен бас тарту жүздеген адамның өмірі мен денсаулығына зиян тигізуі мүмкін екенін баса айтты.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жөніндегі барлық дерек, оның ішінде, статистикалық мәліметтер үкіметтің айрықша құзыретінде болуы қажет екенін мәлім етті. Өйткені бұл жекелеген адамдардың жалған ақпарат таратып, қоғамды адастырудан сақтайды.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр