Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр Тоқаевқа Украинадағы жағдайға байланысты қабылданған шараларды баяндады

Президент пен премьер министрдің кездесуінде Украинадағы қазіргі болып жатқан жағдай мен оның елімізге әлеуметтік экономикалық кері әсерін азайту үшін ұлттық банкпен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы халықаралық аренадағы соңғы оқиғаларға байланысты экономиканы дамытудың дағдарысқа қарсы жоспарының негізгі тармақтарымен танысты.

Әлихан Смайлов мемлекет басшысына қаңтар оқиғасы салдарынан шағын және орта бизнеске келтірілген залалды өтеу мен зардап шеккен мемлекеттік нысандарды қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндалды. Сонымен қатар теміржол трассалары бар табиғи монополия субъектілері үшін тарифтердің төмендейтіні және өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту қолға алынатыны туралы мәлімдеді.

Министр ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау және кедендік әкімшілендіру жүйелерін жетілдіру туралы ақпарат беріп, Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарының орындалуы  мен 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауға дайындық барысы туралы баяндады.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 24 Ақпан, 2022 16:33
Талқылау