Пойызда босанған түркістандық келіншек жолсерік пен басшының өтірігін әшкере қылды

Шымкент-Алматы пойызында босанған келіншек Айгүл Жүзбаева пойыз жолсерігі мен басшысының өтірігін әшкере қылды. Айтуынша, олар бейтаныс әйелді өтірік сөйлетіп, өздеріне алғыс айтқызған, деп хабарлайды КТК.

Айгүл Жүзбаева пойызда босанып, кейін Тараздағы перзентханаға жеткізіледі. Ал, өзі туралы видео тарағанын желіден біледі. Алайда өзі емес, өзге әйелдің пойыз басшылығына алғыс айтып жатқанын көреді. Видеодағы әйел босанған келіншектің өзі болмай шықты. Бұған күйеуі де ашуланған екен.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, келіншектің босануына көмектескен әйелдің бірі оның орнына алғыс айтуға ұсыныс жасаған. Оған жолсерік пен пойыз басшысы қарсы болмапты.

Ал, босанған келіншек өзін абысыны мен акушердің босандырғанын айтты. Сол күні Алматыға босану үшін келе жатқан беті екен. Қасында акушер әдейі бірге жүрген.

“Толғағым келіп жатыр деп едім дәрігерлер үлгересің деп Алматыға жіберді”, – дейді келіншек.

Бұған дейін пойыз жолсерігінің толғағы келген әйелді босандырып алғанын хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр