Пойыздан кешігіп қалсаңыз, не істеу керек – Жолаушылар тасымалы түсіндірді
Фото: ҚТЖ
"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушыларға пойызға кешігіп қалған жағдайда қандай шаралар қабылдау қажет екенін еске салады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Егер пойызға кешіксеңіз, бірден вокзалдағы билет кассасына барып, жағдайды кассирге хабарлау қажет.
Жолаушы пойызға үлгермей қалса, билет құнын жартылай қайтарып алуға мүмкіндігі бар. Алайда бұл рәсімді пойыз билетте көрсетілген станциядан жөнелтілген сәттен бастап бір сағат ішінде орындау керек.
“Қайтару рәсімін жүзеге асыру үшін жеке куәлік пен билетті ұсыну қажет. Кассир тиісті құжаттарды рәсімдеп, егер орын болса, келесі пойызға отырудың балама нұсқаларын ұсына алады”, – делінген хабарламада.
"Жаз басталса билет жоқ": Қазақстандықтар пойыз билеттерінің тапшылығына шағымданды
"Монша сияқты": Қазақстандықтар Алматы-Қостанай пойызына шағымданды
Жыл соңына дейін елдегі барлық пойызға бейнекамералар орнатылады
Билет құнын қайтару мөлшері мен мерзімі жолаушыларды, жүк пен багажды, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес белгіленеді.
Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады. "Жолаушылар тасымалы" осындай жағдайлардан сақтану үшін вокзалға ертерек келуді ұсынады.

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта ер адам 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
