Пойызда қатты күліп жіберген әйелдің жағы шығып кетті
Қытайдың Гуанчжоу қаласында пойызда отырған әйел қатты күлемін деп жағын шығарып алды.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Live Science сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Осылайша, әйел аузын жауып, анық сөйлей алмай қалған. Оған сол пойызда отырған қалалық клиникалардың бірінің дәрігері Ло Вэньшэн көмекке келді.
«Бастапқыда ол инсульт алған екен деп ойладым», - дейді ол.
Артынша дәрігер әйелдің жағы шығып кеткенін түсініп, оған ауруханаға баруға кеңес беріпті.
Вэньшэн бұл салада маман емес екенін айтқанымен, вагондағы көршілері оны әйелдің жағын салып беруге көндірген. Нәтижесінде дәрігер олардың айтқанына келісіп, үшінші талпыныстан әйелдің жағын орнына салды. Мұнан кейін ол әйелге ауруханаға жүгінуге қайтадан кеңес берді.
Күйеуінің сөзінше, бұған дейін әйелі құсқан кезде жағын шығарып алған екен. Бұл жақ сүйегінің ойнамалы болу қатерін арттыруы мүмкін.