Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Понт, құр мақтан һәм пафос: Қазақтар тойда қымбат «Мерседес майбах» көлігін ойнатуды сәнге айналдыруда

"Нағыз понттың төресін, біздің елден көресің". Бүгінде «понт,  құр мақтан һәм пафос» десе, көз алдымызға бірден қазақтың тойы елестейітін хәлге жеттік. Тойшыл қауымға айфон таратып, құдасына ақшадан тігілген шапан жауып, мейрамханаға тікұшақпен қонып жүрген қазақтың мақтаны тізе берсең кете береді.  

Понт, құр мақтан һәм пафос: Қазақтар тойда қымбат «Мерседес майбах» көлігін ойнатуды сәнге айналдыруда

Заңды елемей, кім екенін көрсетемін деп, өзгенің өміріне қауіп төндіргендері де жетеді. Сонымен, қазақ неге мақтанға құмар болып барады? Оны тоқтатудың жолы қандай? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айтып-айтпай не керек, нағыз понттың көкесін, қазақтың тойынан көресің.

Тойдағы шашуда дәстүрдегідей кәмпит емес, соңғы маркалы телефондарды «шашқан» атыраулық кәсіпкер бар. Бір гаджеттің өзі кем дегенде жарты миллион тұрады.  

Иә, «мың жылдық құда» болайық деп құдасына мыңдық купюралардан тігілген шапанды кигізген келесі бір той иелері дараланудың осындай жолын тапты. Таңдай қақтырып, көптің аузын аштыртқан 179 мың доллардың торты да  әлі есіңізде болар?

«Шектен шыққан дарақылық осы шығар, бұдан артық немен таңғалдырады» дейтіндеріңіз болса, қателесесіздер. Бұрындары мейрамханаға көлікпен кіру деген сән еді, қазір онымен де ешкімнің аузын аштырып, көзін жұмдыра алмайсың. 

«Қазір тойларына ешкім әншілерді шақырмайды, өйткені ол қызық емес. Қонақтарды қымбат көлік пен мейрамханамен де таңғалдыра алмайсың. Сондықтан күнделікті  понттың жаңа бір түрі шығып жатыр. Мәселен, өткен аптада ғана мен жүргізген тойда құны 200 млн теңгелік «мерседес майбах» көлігі ойнатылды», - дейді шоумен Руслан Ысқақ.      

Бұл понттың түбін түсіремін деушілердің ойлап тапқан келесі бір айла-тәсілі. Өзінің дөкейлігін көрсетемін деп, өзгенің өміріне қауіп төндіріп жүр.  Дүниенің қожасымын деп, жолдың қарсы бетімен жүйткігендердің де талайын көрдік.

Жастар арасында белең алған дараланудың тағы бір жолы. Көлігінен де қымбат тұратын номер сатып алатындардың әрекеті пафос демей немене? Бірі миллиондап, енді бірі миллиардтап шығындалуға дайын сол үшін. Алайда, құр мақтан деп осыны айтатын шығармыз

«Қазіргі таңда біздің қазақтың мақтанғаны соншалық - ТМД елдері арасында қатты дамып кетті да, мәселен 2014 жылдары Ресейдегі орыстардың өзі біз неге қазақ болып тумадық, қазақтың бәрі шетінен банкир ма деп таңғалып жатыр. Бірақ, қазақтың қатты мақтанатындай да жағдайы бар. Бірақ, соған сәйкес өмір сүрсе деймін да», - қоғам белсендісі Ыбрайым Бабаев. 

Алайда соған сәйкес өмір сүрмесе де, құр мақтанып қалу үшін оңды-солды шашылатындары жетерлік. Понттың көкесін көрсетемін деп қызметінен кетіп, белшесінен қарызға батқандар да аз емес. Содан болса керек, дарақылық танытып жүргендердің әрекетін заңмен шектеуіміз керек дейді қоғам белсенділері.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дина Смаилова: Қазақ қызы, сен "қыздығыңмен мақтан", себебі оған қалың мал төлейді

Смаилова: Жігіттер қыздарды әйелдікке емес, құл қылу үшін алады

Су сұрап үйге кірген: Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Зорлықтан қиналған бүлдіршінді әкесі тапқан

Жаңа туған нәрестені ұрлап алған әйел оны ерлі-зайыптыға сатып жіберді

Қыздың ұрланған бала екенін әйелдің өзі де, күйеуі де білмеген

"Елбасы келгенде диван да келді": Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасы туралы өз шындығын бөлісті

Продюсер: Аз қаражатқа жұмыс істеп жүргенде бізді қысқартып жіберді

Демалыс күндері ауа райы қандай болады: Синоптиктердің болжамы

Алматыда қар жауады

Түсік тастағанын күйеуінен жасырған әйел ауруханадан өзгенің баласын ұрлап кетті

Әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

LRT ісіне қатысты елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу барысы туралы хабарлады

Нұр-Сұлтан мәслихат хатшысы қамауға алынды

«Астана LRT» ісінде бес күдікті ұсталды

Қырғызстанның экс-президенті арнайы күштердің сарбазын өлтірді деп айыптады

Атамбаев күштеп ұстау әрекеті кезінде сарбазды өлтірді деген күдікке ілініп отыр

"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Осындай іс-әрекеттерге жол берген жауапты адамдарға ең қатаң жазалау шаралары беріледі
Çàãðóçêà...