Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Польшада оққа ұшқан қазақстандық жасөспірімнің ісі: Күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр

Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірген бұрынғы полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі болғандай, 51 жастағы күдіктінің бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушыларға қарсы берілетін "көк карта" деп аталатын құжаты болған. Офицер агрессивті мінез-құлық пен алкогольге байланысты полициядағы қызметінен босатылған.

Күдіктінің үш айға қамауға алынғаны хабарланды. Экс-полицейге 25 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Баққа бұрынғы полицеймен бірге келген 41 жастағы діни қызметкер бостандықта қалады. Оған жараланған жасөспірімге көмектеспеді және полицияның іс жүргізу әрекеттеріне кедергі келтірді деген айып тағылған.

"Бұл аң аулау қайғылы жағдай емес. Бұл қарапайым бандиттік әрекет болды. Біздің білуімізше, танылмаған нысанаға ату туралы әңгіме болмаған, нысанды басқа адамдар көрген. Менің ойымша, ол оның жануар емес, адам екенін байқауға болар еді", - деді Польшаның аң аулау жөніндегі жоғарғы кеңесінің президенті Рафал Малец.

Сондай-ақ, күдіктінің төрт аңшылық қаруы болғаны белгілі болды, бірақ ол ешқашан психологиялық сынақтардан өтпеген.

Еске салайық, қайғылы оқиға 1 қарашада Ключковицедегі (Польшадағы Ополе Любелское ауданы) интернат студенттері оқу орнынан 200 метр қашықтықта орналасқан мектеп бақшасына алма алу үшін барған кезде болған. 

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, балалар жақындап келе жатқан көліктің дыбысын естіп, ағаштардың арасына тығылып қалған. Көлік тоқтап, есік ашылған, содан кейін оқ атылған. Достары айқайлаған кезде, мерген ізін суытып үлгерген. 16 жастағы қазақстандықты интернатқа жеткізіп, жедел жәрдем шақырғанша, ол жан тәсілім еткен.

Іс бойынша екі аңшы ұсталды. Қазақстандыққа оқ атқан ер адам жасөспірімді қабан деп ойлап қалғанын айтты.

STAN.KZ
Жұма, 11 Желтоқсан, 2020 11:24
Талқылау