Қызылордалық әйелдің үстіне полицияға тиесілі емхананың темірі құлап кеткен
Қызылордада төбесіне құрылыс сатысының бөлшегі құлаған әйел көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2 қараша күні сағат 14.40 шамасында 102 арнасына хабар түскен.
Онда Қызылорда облыстық полиция департаментіне қарасты емханада құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында азаматшаның басына құрылыс сатысының темір бөлшегі құлап, салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болғаны айтылады.
"Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабының 2-бөлігінің (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды" деп атап өтті Қызылорда қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімінің орынбасары Әуелхан Құдайберген.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушыысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”