Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция жаңа туған нәрестені ұрлап кеткен маймылды іздеп жатыр

Үнді полицейлері нәрестені үйінен ұрлап кеткен маймылды іздестіріп жатыр. Баланың денесі оның туыстарының үйіне жақын жердегі құдықтан табылды.

Анасы баласын маймылдың ұстап алып бара жатқанын көрген. Бірақ, ол баласын құтқара алмаған, деп хабарлайды Stan.kz, bbc-ге сілтеме жасап.

Баланың денесін 1 күннен кейін туыстары тауып алған.

Полицейлердің айтуынша, маймылдар балаларды сирек ұрлайды. Әдетте олар жиһаздарды құртып, үйден заттар ғана іліп кететін.

“Біздің ойымызша, маймыл бір апта ішінде табылады”, – дейді полиция төрағасы.

“Маймылдардың адамға шабуыл жасағанын, кейде үйден тамақ іздеп келетінін естідік. Бірақ маймылдың адам ұрлауын тәжірибемде алғаш рет көріп тұрмын”, – деді ол.

Маймыл баланы сенбі күні таңғы уақытта алып кеткен.

Дәрігерлердің айтуынша, баладан дене жарақаты табылмаған. Бала суға түсіп кетйп, тұншығып қалуы мүмкін деп болжады.

Жергілікті тұрғындар маймыл нәрестені абайсызда алып кеткен, дейді.

Тағы оқыңыз:

Қарағанды облысында екі қабатты тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты

ОҚО-да танысын ұрып өлтірген 20 жастағы жігіт 11 жылға сотталды

Шымкентте мас күйінде көлік жүргізген азамат туған інісі мен келінін қағып өлтірді

Жаназа шығарғылары кеп тұратын “табытқағарлар” ма дерсің: Сәуле Әбединова мешіт имамдарына сын айтты

Талқылау