Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция Шерзат Полаттың үйін өртеген адамдарды әлі таба алмаған

Полиция Талғарда өлтірілген жасөсіпірім Шерзат Полаттың үйін өртеген адамдарды әлі таба алмай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Әлеуметтік желіден

Бұл туралы Шерзаттың ісі бойынша өткен баспасөз мәслихатында отбасының адвокаты Саида Тәукелева айтты. Оның айтуынша, оқиғадан екі ай өтсе де үйді өртегендер табылмаған.

"Облыс прокурорымен кездестік, ол бізге тергеудің барлық нәтижелері туралы баяндады. Ол да істің аяқталуы әбден мүмкін екенін айтты, өйткені сараптамаға қажетті бірқатар процедуралар аяқталған. Әлі ешкім табылған жоқ. Үлкен жұмыс атқарғандарын айтты, алайда әзірге нәтиже жоқ", – деді адвокат.

Айта кетейік, бұған дейін Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткен еді. Марқұм жасөсіпірімнің отбасының үйінің өртеуіне қатысты істі бас прокурор жеке бақылуына алған.

Еске салсақ, 9 желтоқсан күні Талғардың шетінен Шерзаттың ағасы  Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Осы жайттан соң Шерзаттың ашынған әкесі журналисттердің келуін талап етіп, қолына пышақ ұстап өзіне қол жұмсайтынын айтқаны үшін ұсталған еді. Қаржаубай Нұрымов “бұзақылық” бабы бойынша сотталып, 15 тәулікке қамауға алынды

Ішкі істер министрлігі Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді.

Талқылау