Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицей мотоциклшіні қуып жүріп ұрды: ШҚО ПД мәлімдеме жасады

Полиция департаменті полицейдің жүргізушіге қарсы арнайы құралды қолданғанын теріске шығарған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

полиция

"13 тамызда 19.30-да Алтай аудандық полиция бөліміне жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатқан мотоцикл жүргізушісіне қатысты шара қолдану туралы өтініш келіп түскен", - деп ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Полиция жасақтарына ақпарат таратылды. Алайда жүргізуші полицияның тоқтау туралы өтінішін елемей, басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, жылдамдықпен жүруді жалғастырды. Тәртіп сақшылары оны Жақсыбаев пен Советская көшелерінің қиылысында тоқтатуға тырысқан кезде, мотоциклші рульді басқара алмай, көгалдарға шығып, жеңіл көлікке соғылған. Ұстау кезінде резеңке таяқша түрінде арнайы құралдар қолданылған", - деді.

«KAWASAKI» маркалы мотоцклін тізгіндеген 23 жастағы ер адамның жүргізуші куәлігі болмаған.

"Сонымен қатар, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шарты жасалмады. Сондай-ақ, жүргізуші жол ережесін бұзып, апатқа әкеліп, полицияға бағынбады. Ұстауды жүзеге асырған полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр", - деді баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше интернетте жол апатына кінәлі адамның ұсталғаны туралы видео жарияланды.

Талқылау