Полиция қызметкері қайтыс болған адамға айыппұл салып келген
Ресейдің Костром облысында полицейлер қайтыс болған ер адамның атына жалған хаттамалар толтырған. Бұл прокурорлық тексеріс кезінде анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тексеріс барысында 2019 жылдың шілде-қазан айларының аралығында муниципаларалық полиция бөлімінің қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Қоғамдық орындарда мас күйінде жүру» бабына сәйкес үш жалған хаттама толтырып, Шарья тұрғынының айыппұл түріндегі жауаптылыққа негізсіз тартылғаны анықталды», - делінеді хабарламада.
Ведомство мәліметінше, ер адам 2019 жылдың маусым айында көз жұмған екен.
«Тексеріс материалдары полиция қызметкерін қылмыстық қудалау мәселесін шешу үшін, тергеу органдарына жіберілді. Қазіргі уақытта қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Талқылау

Жапониядағы қазақ дәстүрі: Сырға салудың видеосы желідегілерді таңғалдырды
Отандасымыз көпшіліктің "қазақ қызы табылмады ма?" деген сұрағына өзгелердің пікірі алаңдатпайды дейді

Қазақстандық қыз АҚШ-та бөпелі болып, дипломын қызымен бірге алған: енді ол Стэнфордта докторантура оқымақ
Әсел докторантурада оқуды бұрыннан ойладым, 10 жыл еңбектендім дейді