Алматыда Денис Тен атындағы көше пайда болмақ
Фото: olympic.kz
Алматыдағы көшелердің біріне мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімі берілмек. Әкімдік ұсынысты мәслихаттың қарауына жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаладағы жеті аудан бойынша 156 көшеге жаңа атау беру жоспарланған. Бұл көшелер ресми түрде атаусыз саналады екен.
Ұсынылған атаулар қатарында мәдениет, өнер және тарих саласына елеулі үлес қосқан танымал тұлғалардың есімдері бар. Атап айтқанда, Бостандық ауданындағы көшелердің біріне Денис Теннің есімін беру ұсынылған.
Айта кетейік, атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда кісі қолынан қаза тапты. Спортшыны көлігінің айнасын ұрламақ болған қаскөйлер пышақтап кеткен. Дәрігерлер оны екі сағаттан астам уақыт бойы аман алып қалуға тырысқанымен, көп қан жоғалтқан спортшыны құтқару мүмкін болмады.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді