Полиция қазақстандықтарды "Қайрат" - "Реал Мадрид" ойынына билет сатып алу кезінде сақ болуға шақырды
Фото: “Қайрат” ФК
Полиция қазақстандықтарды "Қайрат" - "Реал Мадрид" ойынына билет сатып алу кезінде сақ болуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қалалық полиция департаменті ірі спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде интернет арқылы жалған билеттер ұсынатын алаяқтар белсенді әрекетке көшетінін атап өтті.
Полиция азаматтарға билеттерді тек ресми кассалардан және лицензиясы бар платформалардан сатып алуға шақырды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдын ала төлем талап ететін күмәнді ұсыныстардан бас тарту қажет.
Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал" ойынына 5 мыңға жуық шетелдік жанкүйер келеді
“Алдағы матчқа қызығушылықтың артуымен қатар, алаяқтық қаупі де жоғарылайды. Ешқандай жағдайда билетті қолдан немесе тексерілмеген интернет-платформалардан сатып алмаңыз. Күмән туған жағдайда ресми дистрибьютор кассасына жүгініңіз”, – делінген полиция хамарламасында.
Айта кетейік, алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” арасындағы матч 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
