Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Полиция артық әрекетке бармады": Министр 6 шілдеде адамдардың не үшін ұсталғанын түсіндірді

6 шілде күні болған митинг кезінде полиция артық әрекетке бармады және ешқандай құрал қолданған жоқ. Бұл туралы үкімет кулуарында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

митинг

"Полиция өзін дұрыс ұстады, ешқандай артық құрал мен техника қолданылған жоқ. Алайда сол кезде адамдар Алматы қаласындағы Абай көшесінің бойын, Нұр-Сұлтан қаласындағы Республика даңғылын жауып алмақ болды. Осылайша олар бейбіт тұрғындардың өміріне кедергі келтірді", - деді министр кулуарда. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін 6 шілде күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жүзге жуық адам рұқсат етілмеген митингіге шыққаны үшін ұсталған еді. Олардың ішінде 44-і әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 19-ы әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, 23-іне айыппұл салынды. 

Талқылау