Полиция: Алматыдағы атысты бір ғана адам ұйымдастырған
ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында Алматыдағы теракт барысы туралы толығырақ баяндады.
Фото: newskaz.ru
“Екінші күдікті ұстады. Ол көлік жүргізушісі екен. Қазіргі таңда кеңірек анықтап жатырмыз. Қатысы барлардың барлығы тұтқында”, – деді министр.
ІІМ қылмыстық жағдайдың хронологиясын жіктеп берді. Оның сөзінше бүгін таңғы 10.54-те белгісіз адам құжат талап еткені үшін Алмалы аудандық полиция басқармасына қарай екі рет оқ атқан.
“Оны жаралап, автоматтық қаруын иеленіп алып, кезекші бөлімге қарай бірнеше рет оқ атқан. Сондай-ақ, бөлімше ауласындағы тағы бірнеше адамға қарай оқ атқан. Бұл жерде төрт полицей және бір бейбіт тұрғын, зейнеткер жарақат алған. Бұдан соң қылмыскер көшеге қашып шығып, көлік тоқтатып соған отырған. Біз күдікті ретінде санап отырған екінші адам, оны күштеп Байзақов көшесімен жүруге мәжбүрлеген. Жол бойынд патрулді көлікке қарай оқ жаудырған”, – деді министр.
ҰҚК департаменті ғимаратына жеткеннен кейін, күдікті полицей көлігіне қарай тағы оқ атып, екі ішкі істер қызметкерін жаралаған. Бұл уақытты пайдаланған көлік жүргізушісі қашып кеткен. Полицейлер оны кейінірек тауып алды. Сосын, министр айтқандай күдікті шекара қызметінің аға лейтенанты отырған тағы бір көлікті тоқтатқан. Сол көлікке отырып ол Абай көшесіне дейін жетіп алмақшы болған. Алайда қарсылыққа ұшырайды.
“Ол үшінші мекен-жайға жеткен кезде, ол жерде біздің кезекшілікте тұрған полицейлермен атыс орын алған. Біреуі ауыр жарақат алады да, екіншісі оны жаралап, қолына кісен кигізіп үлгереді. Барлық қаруын тартып алады. Полиция бөлімшесі қасында оқ атқан тапаншасы, кейінірек сол бөлімше маңынан табылды”, – деді ол.
Министр күдіктінің түнгі 03.52-де бір әйелді өлтіргенін айтты. “Біздің куәгерлер бар, ол түнде Өзбекстан азаматы болып табылатын жеңіл жүрістегі әйелмен ұрыс болған. Ол әйел отырған көлікке барып, оқ ата бастаған. Бүгін де сол тапаншаны қолданған екен. Кейін ол көлікті ұрлап кеткен. Ақырында ол сол көліктен әйел өлі күйінде табылды”, – деп қорытындылады министр.
Ертеректе хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр.
Сондай-ақ, қала бойынша террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, тұрғындардың үйлерінен шықпауы қатаң ескертілді. Сәйкесінше, қаладағы ірі сауда орталықтары жұмыстарын тоқтатты.
Соңғы ресми деректер негізінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының аты-жөндері жария етілді. Ал Елбасы қанды оқиғаны теракт деп атап, ішкі істер министрін шұғыл түрде Алматтыға аттандыратын болды. Ал шаһарда террорға қарсы операцияның аяқталғаны хабарланды.