Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция Алматыда өртенген хостел басшыларының кім екенін анықтады

Полиция Алматыда өртенген хостелдің ұйымдастырушыларын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Айбат Мұрзамадиев мәлімдеді.

"Бұл адамдардың жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта олардың жүрген жерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Әзірге олардан жауап алынып жатқан жоқ. Қазір біз барлық құжаттаманы жинап жатырмыз, қосымша мән-жайлар анықталуда", – деді Мұрзамадиев.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Шәріпов көшесінде орналасқан хостелде өрт шығып, 13 адамның қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. Қаза тапқандардың ішінде 4 шетел азаматы да бар. Кейіннен президент Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, ал Алматы әкімдігі өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына 1 миллион теңгеден берілетінін мәлімдеді. 

Талқылау