Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Полицейлер айқайламау үшін бетін басып, арқасына мініп алды": Қызылордада көз жұмған азаматтың көршісі оқиғаны баяндады

"Полицейлер өлгенше сабады". Қызылорда облысында полицейлердің ұстау операциясы кезінде қаза тапқан марқұмның туыстары осындай мәлімдеме жасады.

Видеодан скриншот

Тәртіп сақшылары "ішімдік ішті" деген күдікпен көлік тізгініндегі Бауыржан Әжібаевты үйіне дейін қуып келіп, жеткен соң жерге жатқызып қолын қайырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы мезетте 43 жастағы қызылордалық есінен танып, жедел-жәрдем көлігі жеткенше бақилық болған. Ал полицейлер мұндай уәжбен келіспейді. 

Куәгерлер түсірген әуесқой жазбадан көпқабатты үйдің ауласында ер адамның қимылсыз жатқаны көрініп тұр. Түнгі бірлер шамасында полиция сиренасын естіген тұрғындар не болғанын білмек болып сыртқа шығыпты. Сол сәтте көршілері Бауыржан Әжібаевты бірнеше полицейдің жерге жатқызып, үстіне шығып алғанын көрген.

"Далаға шығып қарасам, көршімнің машинасының қасында оны жерге жатқызып, олар оның арқасына мініп алған, қолын қайырды.  Полицейлер жүрді", - деді марқұмның көршісі Қарлығаш Чубрилович.

Оқиғаның жай-жапсарын сұраған жұртқа полиция қызметкерлері күдікті құжаттарын көрсетпегенін айтып қысқа қайырыпты. Содан кейін оған қайтадан күш көрсетулерін жалғастырған. 

Айқайламасын деп оның бетін жерге қаратып, баса бастады полицейлер. Екінші адам бір жағынан келіп иығынан басып тұрды. Біреуі үсіне мініп тұрды. Үшіншісі аяғын басып тұрды", - деді көршісі. 

Куәгерлердің сөзінше, осындай әректеттерден соң Бауыржан есінен талып қалаған. Оны ұйықтап жатыр деген полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақыруға асықпаған. Тек арада 15-20 минут уақыт өткен соң ғана дәрігерлерге қоңырау шалыпты. 

Ал оқиға орнына келген дәргерлер ер адамның өліп қалғанын тіркеген. Ал туыстары Бауыржан полицейлер ұрып-соққаннан кейін есінен танып, көз жұмды деп отыр. 

"Масқара тіптен, есіктің алдына келіп анасының алдында баласын анадай айуандықпен өлтіру деген. Қабырғамыз қайысады, әрине. Енді бұл қандай тапсырма сонда? Онда осындай мемлекет адамдарына өзіміздің қазақ азаматтарына, Қазақстан азаматтарына осындай жәбір көрсетуге бола ма?", дейді марқұмның ағасы Әли Омарбеков. 

Алайда Қызылорда облыстық полиция департаментіні бұл нұсқаны жоққа шығаруда. Құзырлы органның мәліметінше, Бауыржан Әжібаевты мас күйінде көлік жүргізіп келе жатыпты. Ал тәртіп сақшылары оны тоқтатқан кезде қарсылық білдірген. Қызметтік көлікке мінгізіп, бөлімшеге алып келе жатқан уақытта ол аяқ астынан есін жоғалтқан көрінеді. 

Сот-дәрігерлік сарапшының мәйітке сырттай қарау жүргізу барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Осы азаматтың қайтыс болу дерегі бойынша Қызылорда облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Бұл іске облыстық прокуратура да кірісті. Прокурорлар нақты өлімнің себебін анықтау мақсатында сараптама тағайындады. 

"Мәйіт сот-медициналық сараптама жүргізу үшін мәйітханаға жөнелтілді. Бүгінгі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 362-бабының 4 бөлігіне сәйкес, полиция департаментінің өзіндің қауіпсіздік басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс бойынша процестік прокурор тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары облыс прокурорының тікелей бақылауында", - деді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Ғабит Ұзақбай.

Алайда марқұмның туыстары өзіндік қауіпсіздік басқармасы тергеу амалдарын дұрыс жүргізеді дегенге күмәнмен қарайды. Себебі, сол түні көпқабатты аулада тұрған бейнекамераны полицейлер "жөндеуге жібереміз" деген уәжбен шешіп алыпты. Бауыржанның бауырлары погон таққандардың бұл әрекеті айғақтарды жасыру мақсатында жасалуы мүмкін деп топшылайды. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Саясаткерлердің алдында сөйлеген Назарбаев аяқ астынан сөзін бөлді

Отырыс кезінде әлдененің қатты даусы шығып, қатысушылардың назары соған ауды

Ақмола облысында ер адам жүйткіп келе жатқан пойыздан секіріп түсіп, үйді тонап кеткен

Ол жолында кездескен үйге кіріп, өзін отағасының досымын деп таныстырған

Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысты (видео)

Апат салдарынан 7 адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында 29 жастағы актер театр басшысы болып тағайындалды

Олжас Ыбыраев Тахауи Ахтанов атындағы драма тетрының директоры міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды

Алматы облысында сынып жетіспеген соң, мектеп директоры өз кабинетін босатып дәлізде отыр

Мектеп теп 4 сыныпқа дейін оқытатын көрінеді

Назарбаев Украина мен Ресей президентін Қазақстанда жеке кездесуге шақырды

Елбасы: Путин бұл кездесуді қаламайды деу қате

Бағдаршам туралы қызықты деректер

Әлемдегі ең алғашқы бағдаршам осыдан тура 105 жыл бұрын АҚШ-тың Кливленд қаласында орнатылған

Ондай да болады: Назарбаев отставкадан кейін президенттікке қайта оралғандар туралы айтты

Елбасы бос уақытында майлы бояумен пейзаж салғанды жақсы көреді

Алматы облысында бесінші баласын босанып, аяқ астынан қайтыс болған келіншектің өліміне ақ халаттылар кінәлі екендігі дәлелденді

Келіншектің сәбиі туыла сала анасынан жетім қалды

Режиссер Рүстем Әбдірашевтің кенже ұлы оқыс жағдайда көз жұмды

Оқиға туралы мәліметтер нақтылануда
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр