“Оқиға таңертең 8:30 шамасында болды. Күндегі сүрлеуіме түсіп алып, өгіз аяңмен келе жаттым. №1 қалалық емхананың алдындағы жаяу жүргіншілер жолағын күзеткен полициялар тұратынын білем. Тұр екен. «Зевраға» келіп мен, сол жағыма келіп Toyota Camry-50 тоқтады. Жаяуларды өткізіп, ызғыта жөнелдім. Сол кезде әлгі Camry-дің «сигнал» бермесі бар ма.
Соны күткендей полиция қызыл таяғын қоқаң еткізді. Амалсыз тоқтадым.
Әйнегімді ашып күтіп отырмын. Келді.
Аты-жөнін айтып, құжатымды сұрады. (Ол орысша сөйлеп тұр. Бірақ ұлты қазақ.) Бердім.
— Не болды бауырым? — дедім мен.
– Вы создали аварийную ситуацию.
– Қалай?
– Вам полтинник сигналил же.
– Берсе, қайтем, өз жолыммен келемін. Менімен қазақша сөйлеуіңізді талап етемін, дедім.
– На каком языке говорить сам знаю. Не учи меня! — дейді…
Құжатты қарап жүр, көліктің артына барды, алдына барды. Жаныма келді.
– Вы родились в Монголии, так же?
– Иә, Монғолияда туғанмын, не болыпты?
– Не умничай, на казахском разговаривай в своей Монголии. Езжай! – деді де, құжаттарымды беріп, кете барды.
Мен де артынан бірдемелерімді айтып жатырмын. Шыдамай «Әкең…» дедім. Ұқпады. Селт етпейді. Боқтығыңның өтпей қалғаны жаман күйдіреді екен…
Бұл мәңгүртпен одан әрі сөйлесу маған да қызық болмай қалды. Жолыма түсіп ары қарай зырғи бердім.
Сонда Қазақ тілі Қазақстанға емес, Моңғолияға керек екен”, – деп жазады ол Facebook парақшасында.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбеде орыс тілінде “акцентпен” сөйлегені үшін мұғалім жұмысынан кетті