Ақтөбеде орыс тілінде “акцентпен” сөйлегені үшін мұғалім жұмысынан кетті

Жексенбі, 9 Қазан , 2016 16:09

Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылындағы №53 орта мектептің мұғалімі орыс тілінде дұрыс сөйлемегені үшін қызметінен кеткен. Бес жылдық тәжірибесі бар маманның біліміне ата-аналар күдік келтіріпті. Оларға мектепалды дайындық класына жетекшілікке барған мұғалімнің орысшасы ұнамаған.

кекекекеке

Бұл туралы kerek-info.kz хабарлайды.

Ақтөбе гуманитарлық колледжін бітірген, бастауыш класс мұғалімі №53 жалпы білім беретін орта мектепке 12 қыркүйек күні келген. Үш айлық сынақ мерзімімен жұмысына кіріскен маман мектепалды класқа жетекшілік еткен. Он күндей жұмыс жасаған мұғалімнің үстінен оқушылардың ата-аналары “білімсіз, орыс тілінде сабақ түсіндіре алмайды, орыс тілінде акцентпен сөйлейді, қазақша ойлап, орысшаға аударып жеткізеді” деп шағым түсірген. Он екі ата- ана қол қойған шағым-арызды мектеп директоры Жәния Романова 29 қыркүйекте алыпты.

1475829924_zhniya-romanova-bzge-maman-zhetspeyd

“Біз – аралас мектеппіз. Орыс кластарына сабақ беретін маман өте тапшы. Екі мектепалды дайындық класына мұғалім жоқ. Мұғалім бұрын бес жыл орыс мектептерінде, балабақшаларда жұмыс жасаған. Еңбек кітапшасында бәрі жазулы тұр. Менің алдыма келгенде де орыс тілінде еркін сөйлеп тұрды. Тәжірибесі бар мұғалім болған соң қызметке алдық. Үш айлық сынақ мерзімімен өз жұмысына кіріскен болатын. Бұл топты 14 қыркүйекке дейін жоғары дәрежелі мұғалім Валентина Петрова оқытқан еді. Жас маман келген соң, дайындық класын осы мұғалімге тапсырдық. Мектепалды дайындық класындағы бір оқушының ата-анасы мектеп әкімшілігіне ескертпестен мұғалімнің сабағына кірген. Сонда мұғалімнің сабақ беру әдісі ұнамаған болу керек, кейін 12 ата-ана қол қойған арыз-шағым алдым. Менің ойымша, ата-аналар бұған дейін сабақ берген мұғалімді қайтарып алғылары келген сияқты. Өйткені, ол көп жылғы тәжірибесі бар, жоғары категориялы маман. Бірақ, бізге келген жас маманды біз оқытып, үйретуге міндеттіміз. Жаңа оқу жылы басталмай жатып, ата-аналар тарапынан осындай жауап алған мұғалім өз еркімен жұмыстан кетті”,- дейді №53 мектеп директоры Жәния Романова.

1475829924_dsc_5045

Жаңадан келген жас маманның біліктілігіне күмән келтірген ата-аналардың бірі Айжан былай дейді:

“Жас мұғалімнің жеке басында жұмысым жоқ. Бірақ, ол орыс тілінде мүлдем білім бере алмайды. Қазақша ойлап, оны орыс тіліне аударып жеткізеді. Балаларға теріс білім беретін мұғалім керек емес. Баламыз үйге келген соң сөздерді қате айтады. Орысша акцентпен сөйлейді”, – дейді ол.

№53 орта мектептің мектепалды дайындық класында 22 оқушы оқиды. Осы кластың тағы бір ата-анасы Сәуле Құлсаринаның айтуынша, осы оқиғадан кейін класс екі топқа бөлінген.

“Неге қарсы болып жатқанын түсінбеймін? Өте білімді, сыпайы, сабырлы қыз еді. Балаларымызды шығарып салып, күтіп алатын. Қашан да балалармен бірге жүретін. Айтқан әңгімелері де, сөз саптаулары өте орынды мұғалім еді. Мысалы, менің балам балабақшаға қанша жыл барса да, үйренісе алмады. Ал мектепке тез сіңісіп кетті. Оның өзі мұғалімнің баламен өте жақсы жұмыс жасайтынын білдіруі керек. Қазір ата-аналар екі топқа бөлінді, біреулері жақтайды, біреулері даттайды. Мен мұндайды түсіне алмаймын, мұғалім ата-анаға емес, бастысы оқушыға ұнау керек. Ал жас мұғалім оқушыларға ұнайтын”,- дейді ол.

№53 орта мектептің бес бірінші класының 4-уі орыс тілінде оқиды. Мектепалды дайындық топтар саны төртеу. Оның екеуі орыс тілінде білім береді. Мектеп директоры Жәния Романова мұндай жағдайдың болғанын маман тапшылығымен түсіндірді. Мектеп басшысының сөзінше, орыс тілінде сабақ беретін мұғалім жоқ.

Оқи отырыңыз:

Бас прокурор студент кезінде тауық қорада түнеген күндерін есіне алды

Шымкентте полицейлер төбелесті бақылап тұрған

Ақтауда 6 жастағы бүлдіршінді зорлаған азаматтың есі дұрыс болып шықты

Астана қаласының тұрғыны Әліби Жұмағұловтың үстінен полицияға шағым түсірді

Талдықорғанның тәртіп сақшылары өздерін мысқылдаған тұрғынмен соттаспайтын болды

10 жастағы қазақстандық төрт таңбалы сандарды миында көбейте алады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Anonymous says:

    Малдар озинди озин котермесен казак тили кимге керек

  • Anonymous says:

    Мектептердин барлыгы бир тилде окыту керек. Ресейде каншама улттар турады, билим тек орыс тилинде бериледи: шешен болсанда татар болсанда. Баска тилдерге тиым салынган. Казак елинде билим тек казак тилинде.

  • Anonymous says:

    Арыз жазган ата аналардын 6-ы орыс, 6-ы сорлы казагымыз баягы. Казакша сабакты жургизип казакша дурыс айта алмайды десе бир сари, жас казак кызына сонша шуйлигип. Сиздерге карап адам коркады екен. Бир кундери омир де озгерер. Казакша уйретпеген ул кыздарыныз сол кезде беттеринизге бассын осы истеринизди. Не казак емес, не орыс емес балаларыныз.

  • Акарс says:

    Қазақтың жаманы орыс,қайран қазақ кім екеніңе қашан мән бересің,өзіңді өзің қорлайсың,зорлайсың,өлтіресің ,өсектейсің,намысың жоқ. Орысты Қазақша білмейсің деп,жұмыстан шғарса болар еді,оған біздің ғұламалар арты шыдамайды,

  • Анонимно says:

    Осы қазақтарға орыс тілін ұлығылау неменеге керек. Əлде біреу іріткі салып отырма екен. Орыс тілін білмейсің деп жұмыстан шығаратын заң естіген жоқпын.

  • Анонимно says:

    Айжан деген ата ана ози қазақшаға сауатты ма екен

  • Анонимно says:

    Басқа елде мұндай тілге қатысты мəселе жоқ шығар!! Мұғалім ата- анаға несіне ұнау керек? Мұғалім мойнына барлық жауапкершілікті ілгенше үйлерінде жетпегенін өздері үйретпейме? Біреудің мінін тергенше, өзіңмен күрес өлгенше?! Шəкарім атамнан асырып айта алмаспын!!

  • Анонимн says:

    Аяктан шалмаса иштери ауырады онсызда орыс болып биткендергой

  • Анонимно says:

    Казакша тук билмейтин орыстарда жургой билим берип. Орыс мектептерин жапса жаксы болар еди. Тек казакша окысын.

  • Сания says:

    Маскара!Орыс сыныбтарын жауып ,казахша жасау керек.Сумдык биз кай елде турамыз.Осыны жазып жургендердин бари казахтар гой.Позор.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар