Шымкентте полицейлер төбелесті бақылап тұрған

Сенбі, 8 Қазан , 2016 11:51

Қазақстандықтар Шымкентте түсірілген видеоны қызу талқылап жатыр. Видеодан екі жүргізушінің ұрысып жатқанын көруге болады. Артынша ұрыс төбелеске ұласады. Ал полицейлер бұл төбелесті бақылап тұрған. Тіпті, төбелесіп кеткен жүргізушілерді тоқтатуға әрекет жасамаған.

эж

Бұл туралы “31 арна” хабарлайды.

Оқиға орнында бір емес, бірнеше полицей тұрған. Денис Шевченко – автомобилистерге көмектесу серіктестігінің шымкенттік филиалының жетекшісі. “АКС белсенділері ЖКО кезінде ғана дыбыстық сигнал берілетінін айтып ескерту жасаған. Бұл транспортта отырған жолаушы көліктен шығып, дауыс көтере бастады”, – дейді Денис Шевченко.

Полицейлердің болған оқиғаға не себепті бей-жай қарағанын Денис білмейді. Желі қолданушылары видеодан жергілікті шенеуніктердің бірін байқап қалған. ІІД де аталған оқиғаға қатысты түсініктеме бермеген. Десе де, заңгерлер полицейлердің заң бұзғанын айтып отыр.

“Олардың көз алдында заң бұзылды. Адамның айыпты, айыпты еместігі – бір мәселе. Алайда ұрысқан екі адам да күдікті ретінде қамауға алынуы тиіс. Полицейлер оларды рәсімдеулері керек еді. Бірақ рәсімдемеді. Яғни екінші рет заң бұзып отыр”, – дейді заңгер Сергей Уткин.

Жапа шегуші ақырында арыз жазған. Белсендінің айуынша, күдіктіні әлі қамауға алмаған.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда 6 жастағы бүлдіршінді зорлаған азаматтың есі дұрыс болып шықты

Астана қаласының тұрғыны Әліби Жұмағұловтың үстінен полицияға шағым түсірді

Талдықорғанның тәртіп сақшылары өздерін мысқылдаған тұрғынмен соттаспайтын болды

10 жастағы қазақстандық төрт таңбалы сандарды миында көбейте алады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар