Талдықорғанның тәртіп сақшылары өздерін мысқылдаған тұрғынмен соттаспайтын болды
Талдықорғанда тәртіп сақшыларын мысқылдаған тұрғынға қатысты сот басталмай жатып аяқталды. Елдерхан Шұратбаевтың үстінен шағымданған Алматы облысының Ішкі істер департаментінің өкілдері райынан қайтты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Қызыл жағалылар оның әлеуметтік желіге жариялаған жазбасына қатты ашуланған еді. Өйткені ол парақшасына жол бойындағы дәмхана жанында тұрған полицейдің видеосын салып, ойын мысқылмен жеткізді. Сондағысы: “Назар аударыңыздар! Қапшағайда самса мен сексеуіл сататын жаңа автокафе ашылды. Қызметкерлері де полиция секілді киінген.
Қолдарындағы радармен көліктегі адамдардың қарны аш келе жатқанын біледі. Керемет! Алматы облысының полицейлері, жарайсыңдар!” делінген. Бұл жазбаға бола департамент шала бүлінген болатын. Десе де, көп ұзамай шағымдарын қайтып алыпты. Олардың неліктен соттасудан бас тартқанын әзірге ешкім түсіндіріп бере алмады.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды