Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пневмониядан болуы мүмкін: Ақтөбеде 9 жастағы бала көз жұмды

Ақтөбе облысында 9 жасар бала қайтыс болды. Мамандар баланың өлімінің нақты себебін анықтауға тырысуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол вирустық пневмониядан қайтыс болды.

Нұр-Сұлтанның дамыту орталығында 10 бала уанып ауруханаға түсті

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров жағдайға қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, балаға бастапқыда ішек инфекциясы диагнозы қойылған.

«Бала облыстық ауруханада болды. Содан кейін облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері оны тексерді. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілді», - деп түсіндірді ол.

Кейінірек пневмония белгілері пайда болды. Бұл қосымша тексеру кезінде анықталды. ПТР сынағының теріс нәтиже көрсеткені атап өтілді.

«Соңғы диагноз әлі қойылған жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл пневмония болуы мүмкін», - деді ресми өкіл.

Ізбасаровтың айтуынша, комиссия бұл істі тексеріп жатыр.

Талқылау