Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлімге қиып, тастап кеткен: Алматыда екі ер адам офис менеджерін пышақтап, тонады

 Алмалы ауданының полиция қызметкерлері менеджерді пышақтап кеткен адамды қолға түсірді. Жарақаттанған адам дәрілер сататын фирмада менеджер болып жұмыс істейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласындағы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Түстен кейін 29 және 22 жастағы екі ер адам офис менеджеріне электрошокер және пышақтың көмегімен шабуыл жасады. Сонымен қатар, олар ішінде 500 мың теңгесі бар сөмкені, ұялы телефонды, әмиянды, көзілдірікті ұрлап кетті. Олардың арам пиғылдарының жүзеге асуына кедергі келтірген фирма қызметкері жарақаттанды. Қаскүнемдер оны пышақтаған. Сосын менеджердің қолын телефонның тоғымен байлап, өлімге қиып, тастап кеткен. Жедел қызметкерлер тобы қылмыс орнына келгенде жарақаттанған адамға көмек көрсетіп, ауруханаға жіберді. Ауруханада оның сол жақ саны, белі тілініп, пышақталғаны анықталды", — дейді Алмалы ауданындағы Полиция басқармасы жетекшісінің орынбасары, подполковник Абзал Тұрғанәлі. 

Екі күдікті қылмыс жасап, қашып кеткен. Жедел қызметкерлер олардың қандай бағытпен кеткенін, қандай таксимен жүргенін анықтады. 

"Жедел шаралардың нәтижесінде екі күдікті ұсталып, тұтқынға алынды. Олар Алматы және Жамбыл облысының азаматы. Б есімді ер адам 1990 жылғы, ал О есімді азамат 1997 жылғы", — деді Абзал Тұрғанәлі. 

Подполковниктің айтуы бойынша, сотқа дейінгі тергеудің барысында қаскүнемдердің мұндай қылмысқа неліктен барғаны және олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады. 

Талқылау