Пингвиндер туралы қызықты мәліметтер
Оңтүстік жарты шар – пингвиндердің 17 түрінің ерекше мекендейтін орны. Назарларыңызға ұша алмайтын ерекше құстар туралы қызықты фактілерді ұсынамыз.
Пингвиндердің ең үлкен өкілі – император пингвині, оның биіктігі 120 см-ге жетеді, ал ең кішісі – кішкентай немесе көк пингвин. Оның бойы орташа есеппен 33 сантиметрді құрайды.
Пингвиндердің ең жылдамы – субантарктикалық немесе папуан пингвині. Су астында оның жылдамдығы сағатына 36 километр жылдамдыққа жетеді.
Пингвиндердің түсі оларға қоршаған ортаға еліктеуіне көмектеседі: қара арқасы күңгірт теңіз түбімен, ал ақ қарны судың жарық бетімен бірдей болып, көзге түсе қоймайды.
Пингвиндер бір-біріне тығыз орналасқан қалың май қабаты мен қауырсынның арқасында суық суда тоңбайды.
Пингвиндердің полярлық түрлері минус 60 градусқа дейінгі температураға төтеп бере алады. Пингвиндердің аяқтары да суыққа төзімді, өйткені олардағы жүйке ұштарының саны аз.
Пингвиннің арғы тегі динозаврлардың жаппай жойылуы кезінде аман қалған. Мұны ғалымдар жасын шамамен 60 миллион жыл деп есептейтін пингвиннің ең ерте туысының тасқа айналған қалдықтары дәлелдейді.
Пингвиндердің арнайы көз безі қандағы тұзды суды сүзеді. Өйткені балық аулау кезінде пингвиндер теңіз суын көп жұтады. Осы бездің көмегімен олар тұмсығы арқылы немесе түшкіру арқылы тұзды суды бөледі.
Пингвиндер моногамды және бір ғана жұппен өмір сүреді. Бұл белгілі бір түрге байланысты, бірақ пингвиндердің көпшілігі өмір бойына жұптасады.
Пингвиндер жасайтын ұя, әдетте, тұрақты үйіне айналады: көп жағдайда пингвиндер туған жерінде ұя салады.
Пингвиндер көбінесе тайғақ мұзда қарындарымен жатып, қанаты және табанымен итеріліп қозғалады.
Түлеу кезінде бұл құстар жүзе алмайды, сондықтан тұқымдастары оларды тамақтандырмаса, қауырсындары өскенше аш жүреді.
Балапандарды әкесі де, анасы да бағып-қағады. Әдетте олардың өз бетімен аң аулауға жеткілікті күшті болу үшін бірнеше ай қажет.
Киднеппинг (өзгенің баласын ұрлау – ред.) император пингвиндері үшін жаңалық емес: егер балапаны өлсе, ол басқа пингвиндікін ұрлап кетуі мүмкін.
Құлақтарының дұрыс көрінбейтініне қарамастан пингвиндердің барлық түрі тамаша есту қабілетіне ие. Олар тығыз қоныстанған колониядағы жүздеген басқа пингвиндердің арасынан серіктерінің дауысынан оңай тани алады.

"Күйеуім бала көтертпеу үшін вазэктомия жасатты": Екі баласымен корей азаматына күйеуге шыққан әйелдің өмірі қалай өзгерді
