Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Пиццаға деген махаббаты туралы эссе жазған бойжеткен университетке түсіп кетті

Өзінің пиццаға деген махаббаты туралы шығарма жазған жоғарғы сынып оқушысы Каролина Уильямс Йельск университетіне қарасты колледжге оқуға түсті.

22221

Бойжеткен эсседе “пиццаны жеткізген” сәттегі қуанышты сезімін баяндаған. “Маған пиццаға тапсырыс берген қатты ұнайды. Оның бөліктерін рахаттана жеу менде тәуелсіздік сезімін тудырады”, – дейді Уильямс.

Ол желідегі парақшасында шығарма мәтіні мен қабылдау комиссиясының жауабын жариялады.

3232

3333

Қыздың шығармасын оқыған комиссия мүшелері оны мақтап, колледжден орын ұсынған. Бірақ, қыз аталмыш университетке емес, өз үйіне жақын болғандықтан Обернск университетіне құжат тапсырмақ.

Пиццаға деген махаббатынан бөлек, ол өз мектебіндегі үздік он оқушының қатарында болған. Ол сондай-ақ, бірқатар ұйымдарда жұмыс істеп, кітапханада ерікті қызметін де атқарады. Болашақта ол экономика саласы бойынша білім алып, бизнес ашқысы келеді.

Оқи отырыңыз:

Ұзақ уақыт отбасымен “бірге тұрған” елес алғаш рет камераға түсіп қалды

ВВС Жетісудің сұлу табиғаты туралы ролик түсірді (видео)

Астана тұрғындары аспаннан “үлкен көзді” байқап қалды

Біртуған бауырларды ажыратқысы келмеген жұп 5 баланы бір-ақ асырап алды

STAN.KZ
Дүйсенбі, 05 Маусым, 2017 12:17
Талқылау