Пхукет-Алматы бағытындағы ұшақта ер адам орнында отырып, дәрет сындырған
Алматыға ұшып келе жатқан ұшақта мас шетел азаматы қоғамдық тәртіпті бұзған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: shutterstock.com
Оқиға Пхукет-Алматы бағытындағы рейсте болған. Тәртіп бұзушыны әуежайдағы желілік полиция қызметкерлері ұстады.
Көлік полициясы тексеру кезінде алкогольді ішімдік ішкен 42 жастағы Ресей азаматының ұшақ ішіндегі өз орнында отырып, дәрет сындырғанын анықтады.
-
FlyArystan бортында жолаушының рюкзагы өртеніп, ұшақ қайта қонды
-
Қазақстандық дәрігер ұшақ бортында науқас қыздың өмірін құтқарып қалды
Құқықбұзушы алкогольді ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас болып жүру және ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдікке 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Көлік полициясы департаментінің мәліметінше, биылғы бірінші тоқсанда 21 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Олардың арасында 1648 оқиға алкогольді ішімдік ішу жағдайына байланысты.
Еске салсақ, бұған дейін әуеде 10 сағат бойы ұшып келе жатқан ұшақ дәретханаларының істен шығуына байланысты кері қайтарылғаны туралы жазған едік.