"Pfizer-ді" жаппай қолдануға рұқсаттың берілуі Қайрат Боранбаевтың ұсталуының қатысы бар ма? Вице-премьер жауап берді
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан аумағында "Pfizer"-ді қолдану аясының кеңеюіне Қайрат Боранбаевтың ұсталуының қатысы бар-жоғын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Pfizer" екпесін қазақстандықтардың жаппай салдыруына жол ашатын шешім шыққан еді. Мұның Қайрат Боранбаевтың ұсталуы әсер еткен жоқ па", – деп сұрады БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейін вице-премьер Ералы Тоғжановтан.
"Оның ешқандай қатысы жоқ. Ол азаматтың компаниясының айналасында (...) "Спутник" вакцинасына байланысты ғой. Сондықтан "Pfizer"-ге ешқандай байланысы жоқ. Бүгін бізде "Pfizer"-дің 2 миллионнан астам дозасы бар. Оны азаматтардың толықтай алуына мүмкіндігі бар. Онымен қоса бізде Қытайдың вакцинасы да жеткілікті. Әлі 2 миллионға жуық дозасы бар. Онымен қатар өзіміздің вакцина бар. Ай сайын 500 мың доза шығып жатыр. Сондықтан қазір азаматтарға үш түрлі вакцина бойынша толықтай мүмкіндік беріп отырмыз", – деді Ералы Тоғжанов.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”