
Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы бөлімінде оқушы үшінші қабаттағы терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, қазір оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр.
“17 ақпанда мектеп оқушысы үшінші қабаттан құлап, жарақат алды. Қазір ол ауруханада жатыр”, – деп мәлімдеді Назарбаев зияткерлік мектебі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жарақат алған оқушы көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген. Қазір оқушы жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, есін біледі.
Жамбыл облысында әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген
Зардап шеккен оқушының 18 жаста екені белгілі болды.