Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда төрт баласын бауырына басқан ерлі-зайыптылар далада тұрып жатыр

Ал қысы қатты келетін солтүстікте төрт баласын бауырына басқан ерлі-зайыптылар тура мағынасында далада тұрып жатыр.

Бір жыл бұрын баспаналары өртеніп, күлі ғана қалғаннан бері барар жері  болмай қалған әулет, ақыры иесіз қалған бір үйді паналаған. Алайда 40 мың теңге еңбекақымен баспаналарын жылытуға шамалары келмей отыр, деп хабарлайды 31 арна.

Көз жасын тия алмай отырған ана шарасыздықтан күнде жылаймын дейді. Өйткені үйлері өртеніп, баспанасынан айырылған төрт балалы отбасы бір жылдан бері әркімнің үйінде түнеп келеді. Қожайыны жоқ аңырап қалған жерді пана етіп отырған әулеттің тіпті жыртық жамауы көп үйді жылытатын отындары да жоқ. Отағасының ай сайын алатын 40 мың теңге ақысы мен көп балалы отбасы ретінде берілетін 8 мың теңгеге әрең күн көріп отырмыз дейді.

“Өрттен кейін еңбек биржасынан көмек сұрадым. Олар бас тартты. Себебі біздің тіркеуіміз жоқ. Олар тұрғылықты жерге тіркелмей көмек көрсетпейміз деді”, – дейді көп балалы ана Елена Яркова.

Өрт салдарынан киім-кешек, жатын орындарынан айырылып қалған жанұяның қысқы киімдері де жоқ. Сөздерінше, әкімдікке де, «Нұр Отанға» да барып көмек сұрағанымен бір жылдан бері бәрібір көмек болмапты.

“Екі ай үйді жалдап тұрды. Көршілер болып, 2 айдың ақшасын төлеп, отбасына көмектестік. Содан кейін оларды ақшасын төлей алмайтындықтан ол үйден шығарып жіберді”, – дейді көрші Елена Герасименко.

Ал Петропавл қаласында күнкөріс деңгейі төмен 298 отбасы бар екен. Мамандар бәріне бірдей көмек жете бермейтінін мойындайды.

“Қиын жағдайға тап болған отбасылар болса біз тұрғын үй комиссиясының отырысына салып қараймыз. Ол үшін сонда арыз жазсын. Содан соң ғана уақытша баспана берілетін немесе берілмейтінін айтамыз”, – дейді Петропавл қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Бейсембаев.

Бірақ билік баспанасыз қалған отбасына көмек көрсетеміз деп нақты айта алмаймыз дейді. Сондықтан үйсіз қалған жанұя отынның орнына жағып жүрген ескі материалдар бітсе, қыстың ортасында қиын жағдайда қаламыз ба деп қорқатындарын айтады.

Оқи отырыңыз:

Алматыда тілі байланған науқас қария паналайтын жер таппай далада қалды

Петропавлда тісін жұлдыруға барған келіншек орнынан тұра алмай жатыр

Жол апатынан кейін халықпен қайта қауышқан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

Талқылау