Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда мектепке балтамен келіп, оқушыларға шабуыл жасаған жасөспірімге қатысты сот үкім шығарды

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Петропавлдағы мектепте оқушыларға балтамен шабуылдаған жасөспірімге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Петропавл мектеп

Сот жасөспірімді ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу) бойынша  6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын кәмелетке толмағандарды қамауда ұстау үшін қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.



Жәбірленушілердің пайдасына моральдық шығын өндірілген.

Еске салайық, Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттаған еді. Оқиға қаладағы №4 мектепте таңғы 07:50 шамасында болған. 

Талқылау