Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда көпбалалы Култышевтар отбасында 19-шы бала дүниеге келді

Республика бойынша үлкен әулет, көпбалалы отбасы саналатын Култышевтар жанұясы тағы бір жанмен толықты. Ерлі-зайыпты Павел мен Татьяна 19 баланың ата-анасы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan Media порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

6 тамыз күні салмағы 4250 грамм, бойы 56 сантиметр қыз бала дүниеге келді. Ерлі-зайыпты 10 ұл, 9 қыздың ата-анасы атанды. Бұл жолы Павел серіктестік босануға өзі кірген. Облыстық перинаталдық орталықтың мәліметінше, ана мен баланың жағдайы қалыпты. 

“Сәбиге шын жүректен зор денсаулық, өсіп, бой жетуін тілейміз. Ал ата-анасы үлкен шыдамдылықпен әрі сүйіспеншілікпен тағы бір перзентін өсіріп, жеткізсін. Отбасыңыз жылулыққа, жайлылыққа және махаббатқа толы болсын”, – дейді орталық қызметкерлері.



Павел мен Татьяна Култышевтар 2000 жылы шаңырақ көтерген. Татьяна қарапайым отбасынан, Павел көпбалалы әуелттен шыққан. Отанасы тұңғышын 20 жасында дүниеге әкелді. 23 жастағы Иннаның өзі қазір бірнеше баланың анасы.

Бұған дейін Култышевтардың 18 сәбиі дүниеге келгені туралы жазған едік.

Талқылау