Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда Қазақстандағы алғашқы модульдік құтқару станциясы ашылды

модульдік станция ашылды

Фото: ТЖМ

Петропавлда Қазақстандағы алғашқы модульдік құтқару станциясы ашылды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі алғашқы модульдік құтқару бекетін ашты.

Жаңа нысан Есіл өзенінің жағасында салынған.

Станция барынша қысқа мерзімде салынды. Модульдік ғимарат тәулік бойы жұмыс істеуге қажет барлық затпен жабдықталған: жұмыс алаңы, ас үй, қосалқы бөлме және демалыс орны. Энергия үнемдейтін материалдар пайдаланылып, электр жылыту жүйесі орнатылды. Сондай-ақ суға жылдам жету үшін пирс пен баспалдақ жабдықталған.

Жаңа станция жағалау аймағын және автомобиль көпірі мен Петропавл су электр кешенінің бөгетін бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл нысан еліміздің басқа өңірлерінде де осындай инфрақұрылымды енгізу үшін пилоттық жоба болады.

"Біз құтқару бөлімшелерінің қажет болған жерлерге қатысуын арттырып жатырмыз. Мұнда құтқарушылар кідіріссіз әрекет ету үшін барлығы бар", – деп атап өтті министр.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары 1200-ден астам сапарға шығып, 135 адамды аман алып қалды, 240-тан астам жергілікті тұрғынды эвакуациялады.

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 06 Шілде, 2025 12:16
Талқылау