Петропавлда қақаған аязда далада қаңғып жүргендер аяқ-қолдарынан айырылған
Еліміздің солтүстігінде қатты аяздан тұрғылықты жері жоқ адамдар қиналып жатыр. Тіпті 40 градус аязда аяқ-қолдарын үсітіп, мүгедек болып қалғандар да аз емес.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Елуді еңсерген Мұрат есімді бұл азамат баспанасыз жүргендердің бірі. Көше кезіп, қоқыстардан өзіне азық іздеп, жылу құбырларының үстінде ұйықтайды. Әсіресе вокзал маңындағы жылу құбырлары оның күнделікті мекеніне айналған. 10 жылдан артық үйсіз күн кешіп жүрген ол, жас кезінде ащы суға салынып кеткені, соның кесірінен жақындары жолатпай қойғанын айтады.
«Аққайың ауданы Токушы ауылынікімін. Жарты жыл болды түрмеден шыққаныма. Үйім-күйім жоқ. Түбінде осында келдім. Өзім де кінәлімін», – дейді тұрғылықты мекені жоқ азамат Мұрат Дүйсенбаев.
Қыстық киімдері жоқ болғандықтан далада күн кешетін жандардың жылына бірнешеуі үсікке шалынады екен. Осы жағдайлардан соң түнгі уақытта қоныстана алатын бөлімше өңірде қайта ашылды. Құқық қорғаушылар жайлы, жылы жатын орын берсе, енді бір қамқор жандар баспанасыздарға айран, қара нан мен шұжық береді.
«Әр түрлі пікірлер айтылады. Мұндай адамдарға қолғабыс еткенше балаларға көмек еткен дұрыс дейді. Адамгершіліктен айырылмай, қоғамда әр түрлі жағдайға тап болғандардың бәріне аздап көмек ету керек», – дейді «Қызыл жарты ай» қоғамы филалының жетекшісі Сәуле Оразова.
Петропавл қаласында жүзден артық барар жері басар тауы жоқ адамдар көшеде қаңғып қалған екен. Уақытша паналау орнында 50 жатын орын бар. Осындай адамдарды көбі кеміргіштер мекендеген жерде тұрып жатқаны айтпаса да түсінікті.
Оқи отырыңыз:
Дзюдодан Қазақстан чемпионын өлтіргендер жазадан сытылып кетті
Алматыда 12 жасар оқушы жеке бизнесін ашты
Павлодарлық балабақшаларда 7 мыңнан аса орын жыл бойы бос тұрған
Көкшетауда трактор соғып мүгедек болып қалған ер адам өтемақы ала алмай жүр