Соңғы жаңалықтар

Петропавлда екі қабатты тұрғын үйдің қабырғасы опырылып қалды

Петропавлда екі қабатты үйдің қасбеті опырылып, тұрғындар далада қалды. Құтқарушылар оқиға орнынан 8 адамды сыртқа шығарған. Оның екеуі бала. Әйтеуір зардап шеккендер жоқ.

Петропавлда екі қабатты тұрғын үйдің қабырғасы опырылып қалды

Бұл туралы Хабар 24-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

1950 жылдары тұрғызылған тұрғын үй осыдан төрт жыл бұрын апатты деп танылған екен. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін мұнда үш отбасы, жалпы 13 адам тұрып келген.

«Береке» шағын ауданының тұрғындары осы  маңдағы тағы бір үй құлағалы тұр деп дабыл қағып отыр. Ол да апатты жағдайда тұр екен.

«Сыртқа тек киім-кешегімді шығарып үлгердім. Жиһаз, құжат, бәрі үйде қалды. Ішке ешкімді кіргізбей жатыр. Әйтеуір барлығы аман. Бастысы осы», – дейді қала тұрғыны Алета Сычёва.

Ал қала әкімі алдағы уақытта аталған мәселені шешуге уәде берді.

«Бізде апатты деп танылған үйлердің тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ететін тұрғын үй қоры жоқ. Сондықтан сіздерді әзірге уақытша пәтерлерге орналастарамыз. Алдағы уақытта бұл мәселені шешетін боламыз», – дейді қала әкімі Марат Тасмағанбетов.

Оқи отырыңыз:

Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан қылмыскер түрме қызметкерін соққыға жықты

Қостанай тұрғындары Кемеровода өрттен қаза тапқандарға ескерткіш ретінде ағаш отырғызды (фото)

ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісі: Назарбаевтың немересі «зорланған» бала мен оның отбасына көмектесіп жатыр

Астанада 3 баланың із-түзсіз жоғалып кеткен ата-анасы қайда болғаны белгілі болды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр