Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісі: Назарбаевтың немересі «зорланған» бала мен оның отбасына көмектесіп жатыр

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев Оңтүстік Қазақстан облысындағы Абай аулында тұратын 7 жасар оқушыға көмектесіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісі: Назарбаевтың немересі «зорланған» бала мен оның отбасына көмектесіп жатыр

Бұл туралы қоғам белсендісі Аружан Саин Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Аида мен Нұрәлі Әлиевтердің отбасына алғысым шексіз. Анасы мен баласы олар қамқорлық көрсеткен үйде тұрып жатыр. «Аналар үйі» жобасына қатысып, қиын жағдайда қалған аналарға қолдау білдірген барлық кәсіпкерлерге алғыс білдіреміз», – деп жазды Саин.

Сонымен қатар Аружан Саин көмек көрсету және ұйымдастыруды қаржыландыру, шетелдік сарапшылар ақысы, жол және басқа да шығындарды Аида және Нұрәлі Әлиевтер отбасы, сондай-ақ, кәсіпкерлер Әсел мен Еркін Тәтішевтер, Анар мен Айдын Рахымбаевтар көтергенін айтты.

Қоғам белсендісінің сөзінше, зорландым деген 7 жасар баланың ісі бойынша тергеу нәтижесі әлі шыққан жоқ.

«Өкінішке орай, тергеу амалдары әу бастан-ақ тиісті түрде жүргізілмегендіктен, мұндай жағдайда шыдамдылық таныту қажет. Тәжірибеден алар болсам, балаларға қатысты зорлық ісі бойынша тергеу амалдары 9 ай жүргізілді. Анасы мен баласы қорғауға алынған. Білім және ғылым министрлігінің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетіне алғыс білдіреміз. Мұғалім балаға келіп, сабақ беріп жүр. Ұл бала барын сала оқып жатыр», – дейді Аружан Саин.

Сонымен қатар Аружан Саинның сөзінше, баланың әжесі мен әпкесі де мемлекет қорғауына алынған.

Оқи отырыңыз:

Астанада 3 баланың із-түзсіз жоғалып кеткен ата-анасы қайда болғаны белгілі болды

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Алматыда бұрынғы министрдің үйінен қомақты қаржы ұрланды

Ресеймен шекарада полковникті Қазақстан президентімен шатастырып алған

Талқылау