Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда аяздың ортасында жүздеген отбасыны жалдамалы пәтерінен қуып жатыр

Петропавлда 150 отбасы Жаңа жылды көшеде қарсы алуы мүмкін. Әкімдік жалға берілетін пәтерлердің тұрғындарын тез арада тұрғын үйді босатуға міндеттеді. Адамдар баспананың жалға уақытша бергенін біледі. Бірақ олардың үй алуға ақшалары, бас сауғалайтын жері жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалғызбасты ана Татьяна Скрипцоваға бірнеше күн бұрын хабарлама алып келген, онда бір ай ішінде жалға берілетін тұрғын үйді босатуы керек екені жазылған. Әйел 9 жылдан бері үй кезегінде тұр. Ал 53 мың теңгелік жәрдемақысы тамаққа әрең жетеді. Татьяна пәтер жалдайтын шамасы жоқ екенін айтады.

"Мен көшіп кетуім керек, 10 қаңтарға дейін кілттерді тапсыруым керек. Суықта, қыста, қаңтарда. Барлық жерде көмек сұрадым, ең болмағанда шағын бөлме, уақытша баспана беріңізші деп, мен бәріне келісемін", - деді жетім Татьяна Скрипцова.

Петропавлдағы Гагарин көшесі бойындағы үйлерде Татьяна сияқты жағдайға тап болған 150-ге жуық отбасы бар. Олар бес жыл бұрын жалға берілетін тұрғын үйге қоныстанған. Негізгі шарт - 29 жасқа дейін және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шот ашу болды. Бірақ міндеттемелерді орындап, тиісті соманы жинай алғандардың да жағдайы мүшкіл. Олардың жинақтарындағы ақша баспана сатып алуға жетпейді. 

"Қазір халық үшін өте аз тұрғын үй салынуда. 5 жыл өтті, біз әлі бір орында тұрмыз, бірақ барлық шарттар орындалды. Оған қоса біздің жинағандарымыздың бәрі қазір құнсызданды. Біз мұндай сомаға үй сатып ала алмаймыз", - деді Петропавл қаласының тұрғыны Анара Рахимова.

Шенеуніктердің сөзінше, 5 жыл бұрын жалға берілетін 2 үй салынған. Жастарға арналған баспана ретінде есептелген, бірақ келісімде жалдау мерзімі 2020 жылдың желтоқсанында аяқталатыны анық көрсетілген.

"Біз хабарламалармен жұмыс істеуге міндеттіміз, қазір де солай істеп жатырмыз. Әкімдіктің жылыту маусымы туралы қаулысына байланысты бұл тұрғындарды жылыту маусымы кезінде шығармаймыз. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін олар пәтерлерді босатуы керек", - деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.

Сондай-ақ, қалалық әкімдікте уақытша баспана алғысы келетіндердің саны көп екенін атап өтті. Олар бұл мүмкіндікті басқаларға беруге міндетті. Сондықтан жалдау мерзімін ұзарту мүмкін емес.

Талқылау