Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда 8 жасар бала сауда орталығындағы эскалатордан құлап кетті (видео)

Видеодан скрин

Петропавлдағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде 8 жасар бала эскалатордан құлап, дене жарақатын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кадрлардан эскалатор жанында тұрған екі баланы көруге болады. Олардың бірі эскалатордың шетінен ұстап, ілініп тұрмақ болады. Алайда баланың қолы босап, құлап кетеді.


Ақтөбеде 5 жасар қыз аттракционға мінемін деп саусағынан айырылды

Оралда 5 жасар бала MMA жаттығуы кезінде жарақат алып, бір көзінен айырылды


Полицияның мәліметінше, бала ғимаратта ересектердің қарауынсыз жүрген. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде сауда орталығының қауіпсіздік жағдайлары да тексерілуде. 

Полиция департаменті тексеру қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатынын, сондай-ақ бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-анасын жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтаудағы ойын орталығында 3 жасар баланың үстіне 50 келілік аттракцион бөлігі құлап кеткені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 28 Тамыз, 2025 19:03
Талқылау