Петропавл әуежайы екі рет аукционға шығарылып, сатылмай қалды
Петропавл халықаралық әуежайы екі рет аукционға шығарылып, сатылмай қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Нысан 5,6 млрд теңгеге бағаланған. Алайда екі ай бойы сатып алушы табылмағандықтан, оның құны 2,8 млрд теңгеге дейін төмендеді. Әуежайды сатып алушыға қойылатын талап та бар.
Ол 10 жыл бойы әуежайды өзгертпей, жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуі шарт. Алайда аукционға қатысуға ешкім ниет білдірмеген. Нысан 6 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Оған 7 млрд теңге жұмсалды.
Әуежай әзірге жұмыс істеп тұр. Жолаушылар ұшағы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына қатынайды.
Қазақстанда барлық балабақша тәрбиешілеріне жеңілдікпен үй алу мүмкіндігін беру ұсынылды
"Сараптама әуежайдың шығынмен жұмыс істеп тұрғанын көрсетті. Мемлекеттік орган оған қаржы бөле алмайды. Сондықтан оны коммуналдық меншіктен жекенің қолына беру жөнінде шешім қабылданды. Әуежайды аукционға шығарудағы мақсат – алдымен нысанды сенімді басқаруға беріп, кейін сату", – дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мирхат Әбілмәжінов.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
