AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавл әкімінің не үшін отставкаға кеткені белгілі болды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдың бұрынғы әкімі Болат Жұмабековтың отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді. Айтуынша, қала басшысын қызметінен кетуге ешкім мәжбүрлемеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құмар

"Әкімнің отставкасы ТЭЦ-пен байланысты емес. Ол үш жарым жұмыс істеді. Бұл – өз еркімен қабылдаған шешімі", – деді Құмар Ақсақалов. 

Болат Жұмабековтың қаладағы шешілмеген мәселелер үшін жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін бе деген сұраққа жауап беріп, Петропавл қаласы әкімінің шешіміне қарсы тұра алмағанын айтты. 

"Мен жұмыс істегісі келмейтін адамды қалай ұстап қаламын? Әр қаланың өз мәселесі бар. Олар кезең-кезең бойынша шешіледі. Жақында қалаға жаңа әкім тағайындаймыз", – деді Құмар Ақсақалов.

Айта кетейік, бұған дейін Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков өз еркімен отставкаға кеткенін хабарлаған едік. 

“Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. "Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, ТКШ және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті", – деді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр