Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перуашев: Біз ипотека алуға мүмкіндігі жоқ жастарға арнап жатақхана салуды ұсындық

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің ауылдан келген жастарға арнап қалада жатақхана салу идеясы қоғамда үлкен шу туғызды. Мәселеге байланысты дептутаттың өзі қайтадан ара-жігін ашып, түсініктеме беріпті.

67fb47494f22692cbb33f206af9

Бұл туралы “Ақжол” партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

“Мен, “Ак жол” фракциясы атынан, жақсы жабдықталған, көріктендірілген жатақханаларды салуды ұсындым. Ал «әжетханасы жоқ пәтерлер» жайлы сыбысты басқа біреу таратты, менің сөйлеген сөзімнен бес секундтық ролик қиып алып, желіге салып жіберді. Онда неге менің сөйлеген сөзімді толық көрсетпеске? Не болмаса, менің үкіметке нақты ұсыныстар енгізіп жатқан бөлігін? Мәжілістің сайтына кіріп, біздің нақты не ұсынып жатқанымызды сол жерден оқи аласыздар. Құжаттың орналастырылған уақытын да сол жерден бақылай аласыздар”, – дейді депутат.

Оның айтуынша, ас үй мен санитарлық торап жалпы аумаққа кірмейтін жатақханада баспананың құны 40 процент арзанға түсетін болғандықтан, баспананың пайдалы және жалпы аумағы арасындағы ара-қатынасты көрсетпекші болыпты.

“Бұл жерде менің сыншыларым шу көтерген «ескі-құсқы» жатақхана туралы айтып жатқаным жоқ. Біз заманауи стандарттар бойынша абаттандырылған жатақханаларды салуды ұсынып отырмыз. Мұндай жатақханалар көптеген дамыған елдерде бар, олар, әдетте, жұмыссыздар немесе қоныс аударғандарға арналған. Және бұл үлгіде тек жатақханалар ғана емес, мысалға, еуропалық нормалар бойынша – бір жұлдызды қонақ үйдің әжетханасы мен ас үйі – бір қабатқа ортақ. Олардың бағасы арзан болғандықтан, үлкен сұранысқа ие”, – дейді ол.

Өз басым 16-24 жасымда жатақханада тұрдым деген депутат, “Нұрлы жер” бағларламасы тек қала тұрғындары мен ипотекаға ғана арналған. Ал сонда жастарды кім ойлайды дейді.

“Базар мен құрылыс маңындағы жеке секторды аралап көріңізші – мұнда антисанитариялық жағдайда, егеуқұйрықтармен бірге, әжетханасы далада, суық суы ғана бар әр бөлмеде 6-10 баладан тұрып жатыр! Міне, аш, әрі лас дегендер! Біз олармен кездестік, әңгімелестік. Олар анағұрлым жақсы жағдайда тұруға әрине қуанышты болар еді, жатақханадағы жеке бөлме – олар үшін қол жетпес арман! Өкінішке орай, бұл бүгінгі күннің шын бейнесі. Әрине, зор сұраныстың нәтижесінде жеке меншік иелері өздігінен біршама жақсартылған жатақханалар сала бастады. Дегенмен, олар өте аз, жағдайлары да «мәз» емес”, – деді Перуашев.

Бұған дейін Азат Перуашев ауылдан келген жастарды баспанамен қамтамасыз етудің жолын ұсынған болатын. Бірақ, ол ұсынысы түсінбеушілік пен қарсылыққа ұшыраған.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында ер адам 8 жастағы қызды зорлап оны таспен ұрған

Шетелдікпен некелескен Қазақстан азаматтарына жер беруге тыйым салынады

Әкімбай қария Астанадағы қарттар үйіне келінімен сыйыспай келгенін айтты

Алматы облысында қару кезенген ұрының өзіне тап берген сатушы қызға ноутбук сыйлады

Талқылау