Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перизат Қайраттың анасы сотта ауырып қалды

Перизат Қайраттың анасы

Фото: Перизат Қайраттың жеке парақшасы

Перизат Қайрат соты анасы Ғани Алашбаева науқастанып қалғандықтан кейінге қалдырылды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Астанада қаржы жымқырды және алаяқтық жасады деп айыпталған белсенді Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр.

Жәбірленушілерден жауап алу кезінде сот отырысы кенеттен тоқтатылды. Төрағалық етуші судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың анасына бұрылды.

– Сізге не болды? — деп сұрады судья.

Адвокат әйелдің  өзін нашар сезінетінін айтты.

–  Қан қысымы шығар, – деп жауап берді Ғани Алашбаева.

Судья үзіліс жариялады.

"Жедел жәрдем қызметкерлері сізге көмектеседі", – деді судья.

Осыдан кейін соттың баспасөз орталығындағы сот отырысының трансляциясы өшірілді. Елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның денсаулығының нашарлауына байланысты үзіліс сағат 15:00-ге дейін жалғасады.

16 шілдеде де Перизат Қайраттың анасы ауырып қалған. Әйел тізесінің ауырсынуына шағымданды. Бұрын жол апаты кезіндегі жарақатына байланысты тізесіне штифт орнатылған.

Еске салсақ, Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырған деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр. 

16 шілдеде өткен сот отырысында Назарбаев зияткерлік мектебінің ата-аналары Перизат Қайраттан қайырымдылыққа аударған ақшасын қайтарып беруді талап етті. Ата-аналар ол ақшаны ауыр дертке шалдыққан мұғалімге аударғысы келетінін айтты.

Сондай-ақ сотта тасқын кезінде қайырымдылыққа деп қор шотына 1 млн теңгесін аударған зейнеткер сөз алып, ақшасын қайтарып беруді талап етті.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 17 Шілде, 2025 11:28
Талқылау