Перизат Қайрат ісі: Назарбаев зияткерлік мектебінің ата-аналары ақшаларын қайтарып, ауыр дертке шалдыққан мұғалімге көмектескісі келеді
Фото: nisa.kz
Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ата-аналар комитеті Перизат Қайрат ісі бойынша жәбірленуші деп танылды. Комитет төрайымы Сәуле Қуандықова сотта куәлік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ата-аналар комитеті су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде BizBirgemiz Qazaqstan 2030 қорына 901 мың теңге аударған. Сәуле Қуандықованың айтуынша, олар қордың жарнамасына сеніп, осындай шешім қабылдаған.
Бірақ Перизат Қайратқа қатысты іс қозғалғанын естіген соң, ата-аналар ақшаны қайтарып алғысы келетіндерін айтып, оны ауыр дертке шалдыққан мұғалімнің еміне жұмсауды қарастырып отыр.
"Бұл ақша менің жеке қаражатым емес. Оны иемденгім келмейді. Ақшаны өтеуді, оны игі іске жұмсауды, мектеп қорына беріп, ауырып жатқан мұғалімге тапсыруды қалаймын. Өйткені бұл қаражатты жинауды бастаған өзім едім. Қаражат діттеген жеріне жетпеген соң, ата-аналар алдында қатты ұяламын, бірақ бұл менің кінәм емес. Бәрі ата-аналардың келісімімен, олардың қолы қойылған", – деді Сәуле Қуандықова.
Қазір сотта қор өкілдеріне қаражат аударған жәбірленушілерден жауап алу жалғасып жатыр.
Перизат Қайрат қорының су тасқынына кеткен 1,4 млрд теңге шығыны құжатпен расталмаған – Прокурор
Forte Bank маркетинг директоры Перизат Қайраттың қорына жарты миллион теңге аударған
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы Перизат Қайраттың сотында "Асар-Үме" қорының президенті Асхат Нұрмашев куәлік берді. Ол қордың 2023 жылы Палестина халқына гуманитарлық көмек ретінде Перизат басқаратын "BizBirgemiz Qazaqstan 2030" қорына 200 миллион теңге аударғанын растады. Ақша Газаға көмек ретінде жіберілгенімен, нақты есеп пен құжаттар ұсынылмаған. Перизат Қайрат тарапынан тек ауызша уәделер болған. Нұрмашев кейін бұл мәліметтердің жалған екенін түсінгенін айтты.

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
