Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перизат Қайраттың Biz Birgemiz қоры мәжбүрлі түрде таратылмақ

Перизат Қайрат басқаратын "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі таратылмақ. Мұны әділет министрлігі мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Biz Birgemiz Qazaqstan 2021 жылдың қазан айында тіркелген. Ақпанның 14-і күні қорды мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап-арыз берілді.

"2025 жылдың 14 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жоғарыда аталған бірлестікті мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану және мәжбүрлеп тарату туралы талап-арыз берілді", – деп хабарлады әділет министрлігі.



Қаржы мониторингі агенттігі "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігінің тіркеуін жою керек деп санап, сотқа апелляциялық шағым түсірді. Олар ұйымды құру кезінде заңбұзушылықтар болғанын айтады.

Айта кетейік, бұған дейін Перизат Қайратқа мүгедек балаларға арналған орталық салуға жиналған 22 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылған еді. 

Еске салайық, “Biz Birgemiz” қорының басшысы Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінген еді. 

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қайырымдылыққа бөлінген қаржының негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылған. Биыл көктемде ол елордадағы автосалоннан 88 миллион теңгеге "Mercedes-Benz S450", 80 миллион теңгеге "Lexus LX-600" және 39 миллион теңгеге "Haval" автокөліктерін сатып алған. 

Талқылау