Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Педофил болып шықты": Алматы облысында әйелі мен ұлын ұрған азаматтың ісіне қатысты деректер айтылды

Алматы облысында 2020 жылы жазда әйелі мен балаларын ұрған азаматтың азғындық әрекеттері анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әйелдің «қабырғасының сынғаны» туралы диагнозы қойылды деп хабарлаған еді, ал баласы өзін дәретханаға батырып жібермек болғанын айтқан.

«Не молчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смайылова азаматтың педофил болып шыққанын айтты. Алматы облысының полициясы істің сотқа өткенін хабарлады.

«Не молчи» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дина Смайылова әйел мен балаларды аяусыз ұрып-соғу ісіне қатысты жаңа мәліметтерді айтты. Оның айтуынша, сараптама екі ұлға да қатысты зорлық-зомбылық фактісін растады.

«Азамат педофил болып шықты. Ер адам бұрын сотталған, енді әйелі мен анасына қоқан-лоққы көрсетіп жатыр. Оқиғадан соң отбасы қатты күйзеліске түскен. Біз Азамат өмір бойына сотталады деп үміттенеміз», - деді Дина Смайылова.

Алматы облысының полициясы істің сотқа жіберілгенін хабарлады.

Қылмыстық іс «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру», «Азаптау» және «Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша ашылды. Күдікті 45 жастағы ер адам. 2020 жылдың соңында Іле аудандық полиция бөлімінің тергеушісі істі сотқа жіберді.Тергеу барысында бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдікті Алматыдағы тергеу изоляторында», - деп хабарлады Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.

Талқылау